Биыл Алматы облысында 20 білім беру нысанының құрылысы жүргізіледі

Dalanews 12 мая 2021 08:53 955

Алматы облысында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2021 жылға  34,7 млрд теңге қарастырылып отыр. Осы 34,7 млрд теңгенің 32,7 млрд теңгесі 21 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға және 2,0 млрд теңгесі микрокредит беруге арналады деп жоспарланған, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне қарағанда, 21 жобаның ішінде 30,8 млрд теңгесі 20 білім беру, 1,9 млрд теңге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің құрылыстарын жүргізуге бағытталады.

Жобаларды іске асыру кезеңінде, сондай-ақ нысандар пайдалануға берілгеннен кейін 3 мыңға жуық жұмыс орнын құрылады деп межеленіп отыр, соның 1190-ы тұрақты жұмыс орны болмақ.

Қазіргі кезде 7 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Атап айтқанда, 1500 орындық Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында, Іле ауданы, Көкқайнар, Междуреченск, Боралдай ауылдарында, Қарасай ауданы Қаскелең қаласында әрқайсысы 1500 орындық, Іле ауданының Ынтымақ ауылында 1200 орындық мектеп салынады. Сонымен қатар жалпы саны шамамен 1600 оқушы орнына лайықталған 12 блокты-модульді мектеп ғимараттары тұрғызылады. Сол сияқты Алакөл ауданының «Жалын» балалар лагерін қалпына келтіру жоспарда бар. Еңбекшіқазақ топтық су құбырын салу жұмыстары қазір қызу жалғасуда.

Рекомендовать
Последние новости