Бүгіннен бастап Алматы облысында бірқатар блокпосттар алынады

Dalanews 18 мая 2020 03:30 816

Алматы облысында карантин режимі сақталғанымен оны бірте-бірте босаңсыту жұмыстары жалғасады. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес коронавирус инфекциясының таралуы тоқталмаған аймақтарды қоспағанда, аудандар мен қалалар арасындағы блокпосттар алына бастайды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің айтуынша, қоғамдық моншадан басқа моншалар, сауналар, СПА, массаж орталықтары және басқа да қызмет көрсету нысандары жұмыстарын бастайды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтары (жасы бойынша) ашылады, шағын комплектілі білім орталықтары, үйірмелер (жазылу бойынша) қызметкерлері мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жасай отырып (термометрия) және ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттете отырып өз жұмыстарын кіріседі.


Құтқарушыларды, техникалық қауіпсіздікке жауаптыларды дайындайтын және қайта даярлайтын мамандандырылған оқыту орталықтары, сол сияқты күзет және басқа да арнайы ұйымдар жұмыстарын қайта жалғастырады.

50 орынға дейінгі стадиондар ашылады. Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМКК жұмысын бастайды.

Бұл ретте қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, аулалардағы балалар алаңдарын және басқа да нысандарды санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жалғасады, барлық нысандарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шаралар күшейтіліп, маска кию режимі жаппай сақталуы тиіс.


Аталған қаулы 2020 жылғы 18 мамыр күнгі сағат 08.00-де күшіне енеді. Дегенмен коронавирус инфекциясының жұқтырудың жаңа деректерінің тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық ахуалдың күрделі жағдайы сақталып отырған Талғар, Кеген аудандары мен Талдықорған қаласына бұл қаулының қатысы жоқ.

Рекомендовать
Последние новости