БҚО-ның Долин ауылында фельдшерлік акушерлік пункттің ашылу салтанаты өтті

Сағыныш Сардарова 11 дек. 2024 16:23 841

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Теректі ауданы, Долин ауылында фельдшерлік акушерлік пункттің ашылу салтанаты өтті.

Долин ауылында жобалық – сметалық құны 211 млн. 76 мың теңгені құрайтын, жалпы ауданы 341,27 кв.м, күніне 25 адамды қабылдау мүмкіндігі бар жаңа фельдшерлік акушерлік пункт ашылғалы отыр. 900-ге жуық тұрғынға қызмет көрсететін медициналық нысан Долин ауылы тұрғындары үшін үлкен қуаныш.

Долин фельдшерлік акушерлік пункті құрал жабдықтармен жабдықталған: телекардиограф, компьтерлік спирометр, сандық термометр, небулайзер, негатоскоп, стетоскопты танометр, пульсоксометр, электронды термометр, автоклав, вакцина сақтау тоңазытқышы, компьютер жиындығы сынды заманауи медициналық құралдары бар. Нысанның құрылысын жүргізген мердігер компания — «КАЗ ОКК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Шараға Теректі ауданының әкім Ә.Мұханбетжанова, БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Өтешов және аудандық мәслихат депутаттары мен ауыл тұрғындары қатысты.


Рекомендовать
Последние новости