Блинкен мен Пелоси Ресейді терроризмді қолдаушы ел деп тануға асығып отыр

Dalanews 28 июл. 2022 15:42 1152

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейдің Шешенстан, Грузия, Сирия және Украинадағы әрекеті үшін терроризмді қолдаушы ел деп жариялау керек деп айтқан еді. Осы мәселеге қатысты АҚШ Сенаты арнайы резолюция қабылдап, оны сенаторлар бір ауыздан қолдады, – деп хабарлайды Dalanews.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Дәл осыған ұқсас құжат Палаталар өкілнің спикері Нэнси Пелосиге де жолданғанын айта кетуіміз керек. Десекте қандайда бір мемлекетті терроризмді қолдаушы ел деп тану ісі АҚШ Мемлекеттің департаментінің құзіретіндегі шаруа екені белгілі.

Ресейді терроризмді қолдаушы ел деп тану ісіне АҚШ Сенатының араласуынан кейін Джо Байден әкімшілігіне бұл істі тездетіп бір жағына шығаруы мүмкін.

Бұған дейін АҚШ билігі Куба, Солтүстік Корея, Иран мен Сирияны террорзмді қолдаушы елдер деп таныған болатын.

«Ресей қарулы күштері Укрианаға басып кіргелі бері бейбіт тұрғындарды өлтіріп, қылмыстарының ізін жасыру үшін адамдарды жаппай көміп тастаған» делінген АҚШ Сенатына келіп түскен құжатта.


Бұған дейін АҚШ-тың Палаталар өкілінің Спикрі Нэнси Пелоси Ресейді терроризмді қолдаушы ел деп тану керектігін, егер мұны Мемлекеттік департамент істемесе, Конгресс іске асыратынын айтқан еді.

Енді АҚШ-тың билік тармақтары Ресейді терроризмді қолдаушы ел ретінде тану ісіне мүдделі болып отыр. Демек алдағы күндері Ресейге жаңа атаққа ие болуы мүмкін.

Рекомендовать
Последние новости