БЖЗҚ қаражаты Отбасы банктің құнды қағаздарын сатып алуға жұмсалған

Кәмшат Тілеухан 23 мая 2025 10:30

БЖЗҚ-ның қаражатына Отбасы банктің құнды қағаздары сатып алынды. 2025 жылдың сәуір айында ҚР Ұлттық Банк басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфелі 35 млрд теңге болатын аталған банктің құнды қағаздарымен толықты, онда да бұл ретте қаражат БЖЗҚ-ның өзінен алынған. Ал осы мәміле жасалғанға дейін 1 сәуірдегі деректерге сәйкес, портфельде номиналды құны 50,5 млрд теңге болатын "Отбасы банктің" тағы екі шығарылымындағы облигациялар болған. Сонда жаңадан жасалған инветицияларды қосақанда, портфельдегі мұндай бағалы қағазардың  номиналды құн 1 мамырға қарай 85,5 млрд теңгеге дейін жетті, ал осы айдың басындағы ағымдағы құн 92,4 млрд теңгеге бағаланды, деп хабарлайды Dalanews.kz Data Hub-ке сілтеме жасап.

Сонда Отбасы банк құнды қағаздарына жұмсалған БЖЗҚ қаражаты инвестициялық портфельдің жалпы көлемінің шамамен 0,52%-на сай келеді екен.

Бұл жолы Отбасы банк зейнетақы қаражаты есебінен шығарылған құнды қағаздарды сәуір айында қор биржасына орналастыру кезінде жалпы сомасы 50 млрд теңге тарта алды.

"Банк сол кезде KASE-де тартылған қаражат "Наурыз" бағдарламасы бойынша несиелендіруге қажет екенін баса айтқан. Жалпы, одан арғы транштар бойынша бағдарламаны қаржыландыру үшін шамамен әлі 200 млрд теңге табу жоспарлануда", деп жазады Data Hub.

Демек, зейнетақы ақшасы арқылы бойына қан жүгірген Отбасы банк Үкіметке әлі алақан жаюы мүмкін. 

Айта кетсек, бұған дейін Мәжілісте Үкіметтен мемлекетке қайтарылған активтер қорынан халықтың осал топтарына арналған ипотекалық несиелендіруге 50 млрд теңге бөлу сұралған.  Өйткені 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетте осы топқа арналған "2-10-20" бағдарламасы шеңберінде несие (займ) беру үшін қаражат көзделмеген. Осындай сипатта  Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында Берік Бейсенғалиев аталған ипотекалық бағдарлама тоқтап тұрғанын айтады.

"Қазіргі уақытта "2-10-20" бағдарламасы бойынша жаңа объектілерді мақұлдау процесі тоқтатылған. Бұл жағдай, әсіресе Отбасы банкке тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң аясында ұлттық даму институты мәртебесі беріліп жатқан кезде, әлеуметтік шиеленіс тудыруы мүмкін. Жалпы, "2-10-20" жеңілдікті ипотекалық бағдарламасына қатысушыларға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару комитеті тартқан қаражат есебінен қарыз беру үшін "Отбасы банк" акционерлік қоғамын 50 млрд теңге көлемінде қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды", - деді ол.

Бұған дейін сайтымызда "Мемлекетке қарыз "Нұрбанк" БЖЗҚ-ға да қарыз болып шықты, ал ҚНРДА кімнің жағында?" деген мақала жарияланған болатын.Сондай-ақ бізден "БЖЗҚ активтері осымен үшінші ай қатарынан табыс әкелмеуде" деген материалды да оқи аласыздар. 


Рекомендовать
Последние новости