Іс-шараның мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту. Күн тәртібінде қаралған мәселелер де бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын қамтыды. Алдымен ата- аналарға еліміздің білім беру жүйесіндегі түрлі жарыстар мен байқаулардағы жетістіктері таныстырылды. Одан кейін мектеп оқушыларының ғылыми жоба, пәндік олимпиада және спорт пен өнер саласы бойынша алған жетістіктері таныстырылып кетті. Бүгінгі күн талап етіп отырған өнерлі, білімді жастардың өсіп келе жатқандығына куә болған ата- аналар бір марқайып қалды.
- DALA INSIDE-қа өту
- USD 527.5
- EUR 548
- RUB 5.17