Бензин қымбаттайды

Dalanews 04 мая 2019 03:43 862

Әлемде мұнай бағасының өсуіне байланысты Қырғызстанда мамыр айында жанар-жағар май 10-15 процентке қымбаттайды деп мәлімдеді мұнайсатушылар қауымдастығының президенті Қанат Эшатов.

Оның сөзінше, жыл басынан бері әлемде мұнай баррелі 16 долларға қымбаттаған. Ал Ресейде жанар-жағар май бағасы 150 долларға өскен.

– Мысалы, егер осыған дейін АИ-92 тоннасын 460 доллардан тасып келсек, қазір 585 доллар болды. Өткен айда сатып алған мұнай қоры таусылды. Енді мамыр айында 10-15 процентке өседі, –деді Эшатов.

Бүгінде Бішкекте жанармай құю станцияларында Аи-92 маркалы бензиннің бір литрі орта есеппен 40,5 сом тұрады.

Қырғызстан жыл сайын шамамен 1 млн тонна жанар-жағар май қолданады. Мұнай Ресейден тасымалданады. Жыл басында Қазақстан Қырғызстанға ақпан айынан бастап бензин экспорттайды деп мәлімдеген. Бірақ әлі шешімі табылмаған секілді.

Рекомендовать
Последние новости