«Белорусқа қызықпаңыздар!». Лукашенко зауыттарды сақтап қалғанда не көксеген?

Dalanews 24 авг. 2020 10:41 921

Кеңес өкіметінің шекпенінен шыққан елдердің азаматтары әдетте Александр Лукашенконың колхоздар мен зауыттарды таратпай сақтап қалғанын жыр қылып айтатыны жасырын емес. Бір қызығы Лукашенко билік құрған 26 жылда сол зауыттардың қарыштап дамып кетпегенін бәріміз білеміз. Бірақ зауыттарды сақтап қалған Лукашенконы мақтаймыз. Неге? Дәл осы сұраққа Белорус елінің қоғам белсендісі Александр Милинкевич «Укрлайф» каналына берген сұхбатында жақсы жауап беріпті, деп хабралайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі. Енді соған назар аударайық.

 – Иә, Лукашенко Кеңес өкіметінен кезіндегі бірқатар өндіріс орындарын сақтап қалды. Қазір «Маз» бен Белорус трактор зауыты секілді өндіріс орындарына мемлекеттің бөлген аздаған қаржысына өмір сүруде.

Еліміз нарықтық экономикаға көшенде жүк көліктерін шығаратын «Маз» зауытына Швецияның әйгілі Volvo компаниясы қомақты инвестиция салуға ықылас танытты. Бірақ Батька шевдтермен жұмыс істеуге үзілді-кесілді қарсы болды. Сол сияқты Белорус трактор зауытына шетелдік инвесторлар қызығушылық танытқанда да, Луакшенко олардан да теріс айналды.

Батысты құбыжық етіп көрсетіп тастаған Кеңес өкіметінің шеңгелінен енді ғана босаған біздер Лукашенконың бұл әрекетін отандық өндірісті «қорғау» деп ойладық. Өкінішке орай, бұл ойымыздың қате екенін кейін түсіндік.

Міне, содан бері 26 жыл өтті. «Маз» бен Белорус тарктор зауыты дамып, әлемдік нарықтағы ірі ойыншыға айналған жоқ. Бүгінде Белоруста шыққан көліктер мен тракторларды Батыс елдері сатып алмайды. Тек бұрынғы посткеңестік елдерге зорлағандай қылып өткіземіз.

Кейбір елдердің азаматтары Лукашенко колхоздар мен зауыттарды сақтап қалды деп бізге қызыға қарайтынын білемін. Егер жағдайдың астарына үңілсеңіз қызығатындай дәнеңе де жоқ. Лукашенко елдегі өндіріс ошақтарының нарық талабына сай жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеді. Бізде жекешелендіру, заман ағымына сай даму деген болған емес.


Бүгінде «Мазға» жыл сайын мемлекет тарапынан аз-маз қаржы бөлінеді. Соның арқасында кәсіпорын үзіліп-созылып, өлместің күнін кешуде. Осылайша Лукашенко кәсіпорын мен ондағы жүздеген жұмысшыларды ашса алқанында, жұмса жұдырығында ұстап келді.

Егер осы кәсіпорындарға шетелдік инвесторларды кіргізсе, зауыттарымыз дамып, ондағы жұмысшылар Лукашенконың аузына қарамас еді. Бүгінде зауыттардағы жұмысшылар осы жайтты түсініп, ереуілге шығып жатыр, – дейді қоғам белсендісі.

Рекомендовать
Последние новости