Белгілі ақын Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайы белгілі болды

Қаракөз Амантай 13 февр. 2024 12:17 2798

Белгілі айтыс ұйымдастырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бірнеше жыл бұрын дертке шалдығып, денсаулығы сыр берген болатын. Шетел асып, ем қабылдап келген ақын қазіргі таңда арбасын тастап, аяққа тұрған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы 73 жасқа қадам басқан ақын "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұқбатында мәлімдеді.  

Оның айтуынша, қазіргі таңда денсаулығы жақсарып қалған.

"Шетелге де, Астана мен Алматыға да барып емделдім. Алматыда «Жалын» деген зауыт бар екен. Тек Бақанастың күрішінің қауызынан капсула жасап шығарады екен. Тоғыз жыл зерттеп, дауа тапқан екен. Соның басшысына бір шал аян беріп, «Дәріңді Жүрсін Ерманға апарып бер. Соған ем болады» деп айтты деді де, әкеліп берді. Соны ішкелі қан қысымым түсіп, қан құрамынан қант азайып, аяғымды бастым. Таяғыма сүйеніп, ептеп жүремін. Қанша халық маған тілектес болып, саулығымды тіледі. Соның да бір әсері тиген шығар деп ойлаймын", - деді Жүрсін Ерман.

Еске салайық, бірнеше жыл бұрын айтыс ұйымдастырушысы жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Жүрсін Ерманның қызы әкесінің жағдайы туралы баяндаған болатын. Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растап, кейінірек Женева қаласынан оқырмандарына суретін де жолдаған еді.


Рекомендовать
Последние новости