Алматыда лай көшкінінде қаза тапқан отбасының тағы бір ұлы бар болып шықты

Сағыныш Сардарова 08 февр. 2024 14:15 3694

Қала әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және оларды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетуді тапсырды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Техногендік сипаттағы лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіздің денелері табылды.

"Құтқару қызметі Медеу ауданындағы қираған үйде тұрған отбасы мүшелерін іздеуді аяқтады. Қайғылы оқиға 4 адамның өмірін қиды. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақпын. Оларға шын жүректен қатты қайғырып, көңіл айтамын", - деді Ерболат Досаев.

Бұл отбасының шетелде оқитын студент ұлына білім алуға және елімізге келген соң өмір сүруіне материалдық қолдау көрсетілетіні хабарланды.


Рекомендовать
Последние новости