“Артық қыламын деп, тыртық қылды”: Түркістанда мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қаракөз Амантай 07 февр. 2024 16:06 4891

Түркістан облысында оқушылар мен мұғалімдердің иіс тиіп, улануына байланысты мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Білім ордасының басшысы “санитарлық ережелерді бұзды” деген айыппен тергелу үстінде, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жағдай Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Ынтымақ ауылында болған. Өткен сенбі күні Майлықожа атындағы мектепте әктеп-сырлау жұмыстары жүргізіліп, оны мұғалімдер атқарған. Ал сабаққа келген балалардың бастары ауырып, уланып қалған. Осылайша олар ауруханаға жөнелтіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі улануға байланысты деректі растаған болатын.

Ал Сарыағаш ауданының прокуратурасы бұл жағдайға байланысты тергеп-терексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

“Қылмыстық кодекстің 304-бабының 1-бөлігімен санитариялық қағидаларды абайсызда адамдардың жаппай улануына әкеп соққан бұзу сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеу нәтижесімен барлық кінәлі адамдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі”, - деп мәлімдеді прокуратура өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, мектеп қабырғасы демалыс күндері сырланған болатын. Дүйсенбі күні таңғы сабаққа келген оқушылар мен мұғалімдер өздерін нашар сезініп, бастары қатты ауырған. Салдарынан мектепке жедел жәрдем шақырылып, 29 бала мен 10 мұғалім медициналық мекемеге жеткізілді.


Рекомендовать
Последние новости