Баян күйеуін неліктен кешіргенін айтты

Dalanews 19 окт. 2016 17:02 1096

Баян Мақсатқызы өзін аяусыз ұрып тастаған бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты неліктен кешіргенін айтып берді деп хабарлайды stan.kz.

“Мен оны кешірдім, бұл менің шешімім. Мен бұл бетті парақтап болдым, өмірім әрі қарай жалғасады. Менің балаларымның әкесі бар, ал өзім өз бақытымды іздеймін…”, – деп жазды продюсер Инстаграмдағы парақшасында.

Еске сала кетсек, продюсердің кешірім бергендігін оның адвокаты Марат Асқарбеков бүгін сотта жария етті.

“Баян күйеуіне кешірім берді, ол дұрыс жасады деп ойлаймын. Ондай шешімді кез-келген әйел қабылдай бермейді. Бұл оған оңайға түскен жоқ, сірә балаларының тағдырын ойласа керек”, – деді Талдықорғанда өткен сот отырысының қорытындысы бойынша сөз алған адвокат.

Баян Мақсатқызының өзі сотта бүгін келген жоқ. Сот отырысы ертең, 20 қазанда жалғасады. Кешегі сотта оны қызы Айсәуле мен әпкесі Бағым Мұхитденова қолдады. Ал Бақытбек Есентаев адам өлтіруге әрекеттену, жыныстық мәндегі зорлық көрсету баптары бойынша айыпталып отыр.

Рекомендовать
Последние новости