Басты мақсат «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру

Dalanews 08 февр. 2022 01:34 1022

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігі азаматтық қоғамды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауға тарту жөніндегі жұмысты күшейтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осыған орай, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментімен мемлекеттік органдардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және қоғам өкілдерімен бірлесіп, Шымкент қаласы бойынша филиалының Еңбекші №2 ауданы халыққа қызмет көрсету орталығында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

Қоғамдық қабылдауды Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы М.Әлиев, қоғам белсендісі Ә.Қолдас, Департамент қызметкерлері жүргізді.

Іс-шара барысында қызмет алушылардың сұрағы тыңдалып, мәселелері Департамент құзіретінің шегінде бақылауға алынды.

Аталған іс-шара алдағы уақытта да арнайы бекітілген кестеге сәйкес әр апта Шымкент қаласының басқада аудандарында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілетін болады.

Осыған сәйкес, арнайы бекітілген кесте алдын ала Департаменттің және Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланатын болады.

Қосымша сұрақтар бойынша 87252537459 телефонына хабарласуға болады.

Рекомендовать
Последние новости