Бақытжан Базарбек әуе компаниялардың былығын айтты

Қаракөз Амантай 04 сент. 2024 15:31 2563

Мәжіліс қабырғасында "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заң жобасы мен оған ілеспе құжат қаралып жатыр.Осы тұста мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек елдегі авиация саласын сынап тастады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айтуынша, Қазақстандағы әуе компаниялар халықтың құқығын таптайтын әрекеттерге жиі жол береді.

"Air Astana, Fly Arystan cияқты компаниялардың бассыздығынан, заңсыздығынан, былықтарынан халық шаршады. Мемлекеттің тісі батпай отыр. Өкінішке қарай, билеттерді қайтармайды, не рейстерді кейінге қалдырады”, - дейді ол.

Сонымен қатар депутат мүгедектігі бар азаматтар мен жасөспірімдерді рейстен қалдырып отырғанын да ерекше атап өтті.

Мынау лоббистердің кезінде лоббистердің ісімен тұтынушыларды қорғауды көздейтін тексерістің бәрін алып тастады. Енді лоббистер әлі де күшті. Енді олар көтерілген билеттің құнын қайтадан көтеруге тырысып жатыр”, - деді мәжіліс депутаты.

Осы тұста ол министрлікке маңызды сұрақтар жолдады.

“Бұл жерде мәселе халықаралық конвенцияда шығар. Кезінде Варшава конвенциясына қосылдық. Бірақ аталған құжатта тетіктер жоқ. Мүмкін ол конвенциядан шығып, Монреаль конвенциясына қосылу керек шығар. Әуежай мен әуекомпания басшылықтарын рейстерді кейінге қалдыруға байланысты осы заң жобасы аясында мүліктік жауапкершілікке тарту жоспарда бар ма, жоқ па? Әуе басшылығы жауапкершілікке тартыла ма?”, - деп сұрады Бақытжан Базарбек заң жобасын әзірлеген министрлікке.

Ал Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев депутат көтерген мәселе жаңа заң аясында шешімін табатынын атап өтті.

"Дұрыс айтасыз, бұл - өзекті мәселе. Ақшаны қайтармау үшін мүмкіндік болды. Қазіргі заңда сондай қате тұсы бар. Біз оны алып тастадық. Енді жаңа заң бойынша құзіретіміз кеңейеді. Бұл мәселе біздің қарауымызда болады. Екіншіден, 100 пайыз ақшаны қайтармау туралы бапты заңнан алып тастадық. Енді оларда заң жүзінде ондай мүмкіндіе болмайды, - деп жауап берді Шаққалиев.


Рекомендовать
Последние новости