Банктерге өз жанынан тұтынушылар құқығын қорғайтын бөлімше ашу міндеттелді

Кәмшат Тілеухан 06 авг. 2025 13:38

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерге арналған  тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру ережелеріне түзетулер енгізді. Агенттік қаулысы тиісті өзгерістермен толықтырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Тұтынушы-жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау мақсатында банктер қорғаныстың бірінші желісін құрайтын банктің құрылымдық бөлімшелерінің қандай да бір қызметтеріне тәуелсіз бөлімшенің болуын қамтамасыз етеді", делінген құжатта.

Жаңа бөлімшенің функцияларына мыналар кіреді:

  • банктің қызметкерлері мен уәкілетті агенттерінің қаржы өнімдерін сатып алуды жүргізу жолымен банк саясаты мен рәсімдерін сақтауына қатысты мониторинг жүргізу;
  • жеке тұлғалардың берешегін реттеу бойынша кредиттік шешімдер қабылдаудың ішкі тәртібін келісу;
  • қаржы өнімдерінің шарттарын келісу кезінде тұтынушылар тарапынан тәуекелдерді талдау; банктің қаржылық өнімдерін жылжыту және жарнамалау тәжірибесін талдау.

Сондай-ақ ЕДБ-нің жаңа бөлімшелері өтініштерді қараудың тиімділігін, клиенттер үшін негізгі тәуекелдерді, қызмет көрсету сапасы мен қаржы өнімдерін бағалауды жүргізеді. Сонымен қатар олар уәкілетті банк органдарын кредиттеудің кемшіліктері туралы хабардар етуге, сондай-ақ банк омбудсманының шешімдерінің орындалуына мониторинг жүргізуге міндетті.

ҚНРДА-ның тиісті қаулысы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кейін (2025 жылғы 5 тамыз) қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін банктерге өз жанынан тұтынушы құқығын қорғайтын бөлім ашу міндеттелгелі жатқанын жазғанбыз.


Рекомендовать
Последние новости