Жетісу облысында екі адамға жай түсіп, біреуі оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Қазіргі уақытта 1970 жылғы ер адамның оқиға орнында көз жұмғаны, ал 1975 жылғы зардап шегушінің жеңіл жарақат алып, тексеруден кейін үйіне жіберілгені белгілі.
Аталған факті бойынша найзағай соғып, кісі өлімінің орын алуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға найзағай кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Үй жағдайында:
- барлық терезе мен есікті жабыңыз;
- электр құралдарын желіден ажыратыңыз;
- розетка мен антеннадан қашықта болыңыз.
Көшеде жүргенде:
- ғимарат ішіне немесе көлікке кіріп паналаңыз;
- ағаштың немесе металл шатырлардың астында тұруға болмайды;
- мотоцикл немесе велосипедтен түсіңіз;
- қолшатыр қолданбаңыз;
- мобильді телефонды сөмкеге салып қойыңыз;
- металл әшекейлер мен аксессуарлардан арылыңыз.
Табиғат аясында:
- жалғыз тұрған биік ағаштардың астына жасырынбаңыз;
- шұңқыр не ойпаң жерге тығыныңыз;
- өзен, көл сынды су айдындарынан аулақ болыңыз.