Аудан әкімімен айқасқан фермердің өлі денесі арықтан табылды

Dalanews 12 дек. 2020 21:02 995

Өзбекстандағы Науаи облысы Хатыршын ауданы әкімінің басы дауға қалды. Мәселенің мән-жайы: жергілікті фермерлердің бірі жерді алға туралы келісімшарттың күшін жойғаны үшін әкімді сотқа береді 




"Алайда сот отырысы басталардың алдында шаруаның аяқасты жоғалып кеткені белгілі болады, артынша өлі денесі аудандағы арықтың бірінен табылды" деп хабарлайды Xabar.uz.

Жер дауы бойынша аудан әкімімен ұзақ уақыт дауласқан фермердің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалмаған. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған, сараптама нәтижесінде фермердің суға тұншығып өлгені расталған.

Алайда шаруаның ағайын-туыстары сараптама нәтижесіне сенбейді. Фермердің шалшық суға шашалып өлгеніне күдікпен қарайды.

"Істі өз пайдасына шешу үшін бұған әкімнің араласқаны анық.  Ақыл-есі дұрыс, қол-аяғы сау адамның арықтағы суға тұншығып өлгеніне сенбейміз. Істі қайта қопарып, мәселенің ақ-қарасын анықтауды талап етеміз", –  дейді олар.

Марқұмның туыс-туғанының мәлімдемесінен кейін Бас прокуратура істі қайта қарау туралы шешім шығарды.

Рекомендовать
Последние новости