Астанада полковник әйел зорлады деген күдікке ілінді

Қаракөз Амантай 09 июл. 2025 18:16

Астанада зорлық әрекетіне қатысты даулы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті — Ұлттық қорғаныс университетінде қызмет ететін полковник, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресми мәліметке сүйенсек, арызды 47 жастағы әйел жазған. Оның айтуынша, оқиға әскери қалашық аумағында болған. Әйел ер адаммен бұрыннан таныс болғандықтан, сол күні өзі оның үйіне барғанын айтады.

“Қазіргі таңда 47 жастағы қала тұрғынының шағымы бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабы аясында тергеу жүріп жатыр. Күдікті азамат анықталып, полицияға жеткізілді. Оқиғаның нақты мән-жайы тексерілуде”, — деді қалалық полиция департаментінен.

Құқық қорғау органдары бұл іске байланысты әзірге өзге ақпарат таратқан жоқ.


Рекомендовать
Последние новости