Астанада Оңтүстікте түсірілген фильмдер көрсетілді

Dalanews 18 июн. 2018 08:32 1115

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Астана қаласының 20 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының Астанадағы үш күндік мәдени күндері басталды.

Оңтүстік күндері аясында бүгін елордадағы «Оқушылар» сарайында «Кино – руханияттың көзі» жобасымен Оңтүстікте түсірілген анимациялық және көркем фильмдер көрсетілімі өтуде.

Тарихи-танымдық, балалар мен жасөспірімдерді патриоттық рухта тәрбиелейтін «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» атты телехикая астаналық балғындардың назарына үш күн бойына ұсынылады.

Аталған фильмдер Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың бастамасымен өңірдегі «САҚ» киностудиясы түсірген.

Көрсетілімнің ашылу салтанатында сөз алған ОҚО мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының м.а Темірхан Асылхан күнгей өлкедегі тарихи-киелі жерлерді балалар тілімен насихаттауға бағытталған анимациялық фильмге деген бетбұрыс ұрпақ тәрбиесіне де мол әсер етіп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, бүлдіршіндердің сүйікті кейіпкерлері, «Қалқанқұлақ» телесериалының басты рөлдерін сомдаған Олжас пен Бақберген де астаналық жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Астананың 20 жылдығымен құттықтады.

Айта кетсек, өткен жылы Президенттің бағдарламалық мақаласы аясында «Күш атасы – Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» атты 3 анимациялық фильм және «Көне жетігеннің сыры» 10 сериядан тұратын телехикая мен «Ұлы Жібек Жолындағы ескерткіштер» аты деректі фильмдер түсіріліп, қоғам назарына ұсынылды. Аталған туындылар Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан, қалаларындағы 1 милионнан астам мектеп оқушылары мен тұрғындарына «– руханияттың жаңғыру көзі» жобасы аясында көрсетілсе, жергілікті телеарналарда да тұрақты түрде насихатталуда.

Сонымен қатар, өңіріміздің аудан, қалаларында да жергілікті әкімдіктердің қолдауымен туған жер қасиетін танытатын бірқатар анимациялық фильмдер жасалды. Олардың ішінде Отырар ауданы әкімдігі тапсырысымен дайындалған «Отырар дастаны», «Көне құмыраның сыры» және Бәйдібек ауданы әкімдігінің қолдауымен «Бәйдібек би» фильмдері бар.

Биылғы жылы рухани жаңғыру аясында «Төле би» телесериалы мен «Оқсыз», «Ордабасы», «Түркістан» анимациялық фильмдері түсірілуде.

Рекомендовать
Последние новости