Астанада компания директоры 160 миллионның астығын ұрлаған

Көркем Алдабергенова 03 сент. 2024 12:15 1895

«Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің директоры сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астық қоймалары» ЖШС «№2 Нан базасы» және «№5 Нан базасы» өкілдіктерінің бұрынғы директоры М.Е. Жүсіповке қатысты үкім шығарды.

Ол 160 млн теңгеден астам сомаға азық-түлік астығының мемлекеттік резервтік қорын жымқырғаны және оның 118 млн теңгеден астам сомаға 996 тонна мөлшерінде бүлінуіне әкеп соққан немқұрайлылығы үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен мүлкі тәркіленіп, 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.


Рекомендовать
Последние новости