Астана қысқы жылыту маусымына дайын - Энергетика басқармасы

Жарбол Кентұлы 24 сент. 2024 17:58 480

Астана қаласы әкімдігіне қарасты Энергетика басқармасы Коммуникациялар қызметінің алаңында шаһардың қысқы жылыту маусымына дайындығына қатысты баспасөз мәлсихатын өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылу энергиясымен қамтамасыз ететін мекемелер Астана қаласында жылыту маусымының күзгі-қысқы дайындық жұмыстарының басталып кеткенін айтқаны белгілі. 

Биыл жазғы кезеңде жылыту маусымына дайындық шеңберінде «Астана-Энергия» АҚ негізгі жабдықты жаңарту және жөндеу бойынша елеулі жұмыстар атқарылған белгілі. Компания өкілдері жөндеу жұмыстарына қатысты кеңірек ақпарат берді.  

Күрделі жөндеу жұмыстары компанияның әртүрлі энергетикалық блоктарында жүргізілген болатын. Атап айтсақ, 5 қазандық агрегаты мен 2 турбоагрегаттана толықтай жөндеден өтті. Сондай-ақ, биыл энергия жабдықтары, ғимараттар мен құрылыстарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген, бұл жылыту жүйесі жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні сөзсзі. Осылайша «Астана-Энергия» АҚ күрделі жұмыстар мен негізгі жабдықтарды жаңартуға мүмкіндік алды.

– 2024-2025 жылдардағы қысқы-күзгі кезеңге дайындық аясында қарастырылған мәселелердің бірі – дайындықтың бірінші кезеңінде 55 жылу магистралі мен тарату желілерін тығыздық пен беріктікке тексеру мен сынақ жұмыстары болды. Сынақтан өткен 55 жылу магистралі жалпы жылу магистралі көлемінің 100%-ын құрап отыр.

Сонымен қатар 14 сорғы станцияларында және 1 жылу пунктінде жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілген. Дайындықтың маңызды бөлігі 1217,95 метр ұзындықтағы жылу желілерін ағымдағы жөндеу және эксплуатацияға беру болды, – деді Астана қаласының Энергетика басқармасының басшысы Нұрлан Көпешов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда тұрғын үй қорындағы 3 357 үй 98%, денсаулық сақтау саласының 36 нысаны 100%, білім саласының 186 нысаны 99%, мәдениет саласының 15 нысаны 100% жылыту маусымына дайын. 2024-2025 жылғы қысқы кезеңге арналған жылудың жалпы қуаты 4 104 Гкал/сағ құрайды.


Рекомендовать
Последние новости