Кейінгі кездері жолаушылар арасында кастет, пышақ, таяқша және тағы басқа суық қаруды анықтау деректері жиілеп кеткен. Бас көлік прокуратурасы осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Кейінгі 5 жылда осындай деректер бойынша 92 адам сотталған.
"Астана қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы мен Астана қаласының әуежайындағы желілік полиция бөлімі қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды жүргізіп жатыр. Осыған орай елорда әуежайының аумағында суық қаруды өз еркімен тапсыру үшін арнайы жәшік орнаттық. Қылмыстық кодекстің 287-бабының ескертпесіне сәйкес суық қаруды өз еркімен тапсырған адамның әрекетінде өзге қылмыс белгілері болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады", - деп жазылған хабарламада.
Бас көлік прокуратурасы мәліметінше, бүгінде жолаушылар суық қаруды өз еркімен тапсырып жатыр.