“Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар” жобасы таныстырылды

Dalanews 21 июн. 2024 11:01 2262

Қазақстан Республикасы Парламентіндегі “Бір ел – бір мүдде” депутаттық тобы ел бірлігін арттыруға ықпал етер жаңа жобаны таныстырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы барысында, артынша Қазақстан халқы Ассамблеясының “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” тақырыбындағы отыз үшінші сессиясында Мемлекет басшысы іргелі ұлттық құндылықтарды, негізгі идеологияларды және ұлт имиджін айқындайтын базалық бағдарларды ілгерілету бойынша бірқатар міндеттер қойған болатын.

Аталған тапсырмаларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентіндегі “Бір ел – бір мүддe” депутаттық тобының өкілдері ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қолдауымен “Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар” қоғамдық жобаға бастамашылық жасады.

Бұл Жобаның мақсаты – мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың және жергілікті жерлердегі мемлекеттік органдардың Қазақстан халқы Ассамблеясымен тұрақты өзара іс-қимыл жүйесін ұйымдастыру, аталған мемлекеттік органдар басшыларының оның жұмысына қатысуы болып табылады.

Бүгін Сенат ғимаратында Жобаның қоғамдық тұсаукесері өтті. Бас қосуға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстық мәслихаттардың төрағалары қатысты. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыты мен басымдықтары келісілді.


Рекомендовать
Последние новости