«Әрбір адам ертеңіне алаңдар». Ринат көпшілікке үн қатты.

Dalanews 10 окт. 2020 08:04 1383

Өткен Президент сайлауы кезінде Әміржан Қосановтың шашбауын көтеріп, жұртты оған дауыс беруге үгіттеген айтыскер ақын Ринат Зайытов көпшілікке арнап жыр жазыпты. Ол саяси науқаннан кейін көпшілік секілді Қосановқа алданып қалғанын айтқан болатын. Ринаттың бұл сөзіне жүрттың біразы сенсе, енді бірі сенбеген-ді. Арадағы біршама уақыттан кейін ақын халыққа арнап жыр жазыпты. Танысыңдар. 

 

Әрбір адам ертеңіне алаңдар,

Дей алмаймын таусылмайтын шамам бар.

Жек көрсең де, кектенсең де себепсіз

Мен сендерді түсінемін АДАМДАР.

 

Жүрегіме сыймай қалған жамандар,

Өзінікін дұрыс қой деп бағамдар.

Бауырыңа баспасаң да бағалап,

Мен сендерге ренжімеймін АДАМДАР.

 

Таптатпауға тырысумен табанға АР,

Бейнетпенен ғұмыр кешкен адалдар.

Илеп, илеп итке тастай салсаң да,

Мен сендерді жақсы көрем АДАМДАР.

Рекомендовать
Последние новости