Ақсуат ауданында ветеринариялық қондырғылар орнатылуда

Ақтоты Жапатова 08 июл. 2025 14:11

Ақсуат ауданында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мал шаруашылығын жүйелі дамыту мақсатында ауылдық округтерде орталықтандырылған ветеринариялық қондырғылар (раскол) орнату жұмыстары жүзеге асуда,- деп хабарлайды Dalanews.kz

2024 жылы Құмкөл және Қызылкесік ауылдық округтерінде 5 млн теңгеге қондырғылар салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде ветеринариялық қызмет көрсету сапасы жақсарып, мал иелері үшін қолайлы жағдай жасалды.

Биыл бұл тәжірибе жалғасуда. Ойшілік пен Сәтбаев ауылдарында заманауи қондырғылар орнатылып, қалған 5 округте жыл соңына дейін салу жоспарланған. Жалпы 7 елді-мекенге 26 млн теңге бөлінген.

Бұл бастама – ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған маңызды қадам. Алдағы жылдары мұндай қондырғылар ірі елді мекендерде де орнатылатын болады.


Рекомендовать
Последние новости