Ақша бағамындағы өзгеріс Ұлттық қордан балаларға бөлінетін төлемге кері әсер етуі мүмкін бе?

Кәмшат Тілеухан 11 апр. 2025 15:20 1317

ҚР Ұлттық Банк басшысы Тимур Сүлейменов доллар бағамындағы өзгеріс Ұлттық қордан балаларға бөленетін төлемдерге еш әсер етпейтінін айтты. Өйткені ол шетел валютасындағы ұзақмерзімді жинақтар қатарына жатады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ұлттық қор инвестициялық кірісінің, яғни ондағы активті инвестициялық басқарудан түсетін табыстың  50%балаларға бөлінеді. Ал ол ақша шотқа доллар түрінде түседі, бала тек 18 жасқа толып, өмір сүру жағдайларын жақсартуға, білім алуға немесе медициналық қажеттіліктерге қатысты өтініш толтырып әкелгенде ғана ол теңгеге айырбасталады. Ұлттық қордағы барлық есеп доллармен жүргізілетіндіктен, сәйкесінше оның бағамындағы өзгерістің теріс әсері жоқ", - деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қандай болатынын қазір болжау қиын, өйткені қазір нарықтардағы жағдай өте құбылмалы.

"Қатты "ойнап жатыр", біресе жоғары, біресе төмен дегендей. Өздеріңіз көрдіңіздер, S & P, NASDAQ біресе қызыл, біресе жасыл аймақты көрсетіп тұрғанын. Біз оған әсер ете алмаймыз, бұл - жаһандық нарықтар. Жағдай қалыпқа келіп, нарықтар қайта басын тіктейді деп үміттенеміз", деп сөзін толықтырды Ұлттық Банк басшысы.

Бұған дейін Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің бұрынғы көлемі - 16,5% деңгейінде қалдырғандарын мәлімдеген. Алайда реттеуші орган күтпеген шалт оқиғалар жағдай орын алып жатса, оны мерзімінен бұрын өзгерту туралы құзіретін өз еншілеріне қалдырып отырғандарын да нақтылады. Сондай-ақ Тимур Сүлейменов теңге девальвациясы ықтималдылығына қатысты пікір білдірді.


Рекомендовать
Последние новости