Амандық Баталов: «Бейсен артына өшпес із қалдырып кетті»

Dalanews 02 нояб. 2020 14:31 1478

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бүгін белгілі журналист Бейсен Құранбектің шаңырағына барып, отбасын «Парламент сөзі» сыйлығының табысталуымен құттықтады.

Осы жүздесуде Амандық Баталов «Жетісу» телеарнасында ұзақ жыл Бейсен Құранбекпен бірге жұмыс істеген әріптестерімен бірге абзал азаматтың кісілік келбетін, дара болмысын еске алды. Жылы естеліктер айтылып, марқұмның жарқын бейнесін жүректерде тағы бір жаңғыртты.

Амандық Баталов Бейсеннің жары Гүлмира Қадырқызына гүл шоқтарын ұсынып, тілегін білдірді.

– Бейсен өзінің қысқа ғұмырында аққан жұлдыздай жарқ етіп, артына өшпес із қалдырып кетті. Бейсенді халық ешқашан ұмытпайды. Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Зайроллаұлының қолынан осындай үлкен марапат беріліп жатқаны соның көрінісі. Бейсеннің аты, атқарған ісі әлі жыл өткен сайын жаңғырып, биіктей береді. Асыл азаматтың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде. Өздерің аман-есен болыңдар, ұрпақтары аман болсын! – деді облыс әкімі марқұмның отбасына ізгі лебізін айтты.

Рекомендовать
Последние новости