Әлия Назарбаевамен байланысты компания астаналықтардың ақшасын жымқырып жүрген

Көркем Алдабергенова 21 февр. 2024 16:40 7457

Экс-президент Нұрсұлтан Нарзарбаевтың қызы Әлия Назарбаевамен байланысты компания астаналықтардың ақшасын жымқырып жүрген, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков телеграм арнасында айтты. Журналистің оқырмандары Астанадағы үйлердің алдында қоқыстар жиналмай жатқанына шағымданған.

"Астанада қоқысты тасумен айналысатын бұл компания – жай компания емес. Компания расында Әлия Назарбаевамен байланысты. Бірақ оның қызметі қылмыстық істі тергеуге байланысты ақсаңдап тұр.

Антикор 2022 жылдың күзінен бері фирма тарифті қымбаттату арқылы астаналықтардың ақшасын жымқырған деген күдікке ілінген. Оның бір жарым жылында сараптама жүріп жатыр. Сол арқылы ақша жымқырылғаны дәлелденуі мүмкін", - дейді Козачков.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазақстан темір жолы" Әлия Назарбаеваға тиесілі Instant Payments компаниясымен келісімшартты бұзғаны хабарланған болатын. Назарбаеваның бұл компаниясы электрон темір жол билетін сатумен айналысқан.

Экс президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева 2014 жылдан бері онлайн билет сату арқылы табыс тауып отырған. Яғни әр сатылған билеттен ақша түсіп отырған. ҚТЖ-мен келісімшарт 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған. Алайда ҚТЖ қаңтар оқиғасынан кейін Әлия Назарбаеваның компаиясымен келісім шартты бұзуға шешім қабылдаған. 

Кейбір деректер бойынша, Назарбаева 9 жылда әр онлайн сатылған билеттен 5,7 миллиард теңге табыс тапқан. 


Рекомендовать
Последние новости