Қазақстандық журналисті өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Қаракөз Амантай 19 февр. 2024 13:53 3899

Қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген 50 жастағы Габриэль Хохобашвили 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Грузия соты "пайда табу мақсатта кісі өлтіру" негізін дәлелденбегенін жеткізді. Іс прокуроры бұл шешіммен келіспейтінін айтып, апелляциялық шағым түсіретінін атап өтті.

Сот құқық бұзушының өз кінәсін мойындауы мен балаларының болуын ескергені хабарланды.

Осылайша сот қылмыскерді 11 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы "НеМолчи.kz" қоры Instagram-парақшасында хабарлады.

Еске салайық, 2023 жылы 21 мамырда Грузияның Кахети қаласында қазақстандық журналист өлі табылды. Габриэл Хохобашвили оны алдап, ақшасын алған.  Содан соң журналистің басынан кірпішпен ұрып өлтіріп, денесін өзенге лақтырып жіберген.


Рекомендовать
Последние новости