Алтынай Жорабаева: «Айтарым бар...»

Dalanews 17 янв. 2018 09:53 942

Желіге жүктеген әр постына жағымсыз пікір жазатын оқырмандары Жорабаеваны шаршатқан. Бүгінде ашық айқасқа бел буған Алтынайдың, «қара ниетті» хейтерлерге айтары бар екен… Бұл жайында stan.kz  хабарлайды.

Су жаңа суреттерін салып, әр қадамын желіге жүктейтін Жорабаеваның, соңғы уақытта оқырмандарынан көңілі қалған. Әншінің инста әлемдегі белсенділігін байқағандар, Алтынайдың тың фотоларын басқаша бағамдайтын көрінеді.

– Көбінесе айтады «Алтынай қайта-қайта шыға беретін болыпты. Болмаса, шошаңдап кетіпті» дейді. Ал көптің көңіліне түсіп қалсаң бәрі сені аяп, «плинтустан төмен болып кетесің» деп мүсіркейді. Осы ажырасқалы бері құтырып кетіпті деген сияқты нәрселер болып жатады”, – дейді Жорабаева.

Инста парақшасында шығармашылығындағы тың ақпараттарымен бөлісіп, салауатты өмір салтын насихат ететін әнші, «жиі пост жариялауымның жанұямдағы келеңсіз жайтқа қатысы жоқ», – деп отыр.

– Біреудің басына түскен іс… Мысалға, айналаңның барлығын негативпен жараландыра берумен болмайды деп ойлаймын. Сол себепті, мені қалай қабылдағылары келеді, ол тыңдармандардың өз еріктерінде. Мен ешкімді өзгертуге тырыспаймын. Қалай бармын, солай қабылдау керек деп ойлаймын. Мен өнер адамымын, мен әйелмін, мен анамын, – дейді Алтынай.

Бүгіңде 4 қыздың анасының әлеуметтік желіде 1 миллион 500 мың оқырмандық аудиториясы бар.

– Мен оған қызық емес болсам, ол менің парақшама кірмейді. Демек мен қызық болып тұрмын. Ол өзінің үйінде болған көңіл-күйінің түскеніне, мен дөп келіп қаламын да. Содан кейін, мен оған ұнамай қаламын. «Неге бұның көңілі күшті болып тұр, неге менікі төмен деген сияқты?!» Ішіндегі ашуын маған жаза салады, – деп түйіндеді Жорабаева.

 

https://dalanews.kz/30315

Рекомендовать
Последние новости