– Қаладағы елді мекендерді аралауды жалғастырамыз. Өздеріңіз білетіндей, бізде олардың саны – 16. Онда тұратын халықтың саны – 300 мыңға жуық адам. Бұл – елорданың әрбір төртінші тұрғыны елді мекенде тұрады деген сөз.
Көктал-1 елді мекені тұрғындарымен кездестім. Аталған елді мекенде қордаланып қалған бірқатар мәселені шешу жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Олар – жол салу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, су тарту, кәріз салу, жарықтандыру сынды жұмыстар.
Елді мекені тұрғындарымен кездесуде ең бірінші кезекте атқарылуы қажет жұмыстар туралы әңгімелесіп, пікір алмастық. Мәселен, тұрғындар жол, тротуар, скверлер/бульварлар, балалар мен спорт алаңдарын салу және жарықтандыру сынды мәселелер туралы өз ойларымен бөлісті. Айтылған мәселелерді назарға алып, осы елді мекеннің алдағы даму жоспарына енгіземіз.
Жақында Көктал-1 елді мекенін тұтастай газбен қамтамасыз еттік. Сонымен қатар биыл №40 мектеп-лицей аумағында екі ауысымда 1 мың орынды қамтитын тағы бір оқу орны салынды. Осылайша мектепке түсетін жүктеме азайып, жаңа оқушы орындары ашылады. Соған қоса, осы елді мекенде қалалықтардың таза ауада салауатты өмір салтын сақтай отырып, жайлы жағдайда уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретін тағы 2 қоғамдық кеңістік саламыз (Ақтолқын көшесі, Бастаңғы қиылысы).
Өткен жылы елді мекенде бірінші рет саябақ салынды. Оның ауқымы – 15 гектар. Салыстырмалы түрде айтсақ, бұл саябақ біздің қаладағы саябақтардан 2 есе үлкен. Көкталдағы жаңа сабяқта баскетбол, футбол алаңдары мен воркаут-аймақтар, тыныш демалуға және иттерді серуендетуге арналған аймақтар бар.
Мемлекет басшысы елді мекендерді дамытуға ерекше көңіл аударады. Сондықтан барлық елді мекендерді дамыту бағытында жұмыс жүргізудеміз.
Айталық, былтыр шет аймақтарда 100 көше, 345 шақырым газ тарату желілерін жүргіздік. Үш елді мекен тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды. Жаңа жылыту маусымында тағы 7 елді мекен газға көшіріледі.
Бұған қоса, 13,5 шақырым инженерлік желі, 5 шақырымнан астам кәріз желісі және су құбырын тарттық, 3 шақырымнан астам нөсер кәріздері салынды.
Өткен жылы 40 қоғамдық кеңістікті бос жатқан тың жеріне парктер, скверлер, бульварлар салынды (Көктал-1, Көктал-2, Агрогородок, Интернациональный, Өндіріс және т. б.).
Алдағы уақытта тағы да 50 парк пен сквер, 120 шақырымнан астам велосипед жолын төсеу салуды көздеп отыр.
Өндіріс, Көктал, Ильинка, Железнодорожный елді мекендерінде дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің құрылысын жүргізудеміз. Ол орындарда спортпен айналысуға арналған алаңдардан бөлек, егде жастағы адамдардың қызығушылығы бойынша клубтар, ХҚО, полиция, пошта бөлімшелері орналасады. Аталған кешендерге тұрғындар тегін барады. Оларды биыл ашуды жоспарлап отырмыз.
Алдағы жылдары Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес тағы 130 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін, 85 шақырым нөсер кәрізін, қосалқы станса мен 177 шақырым электрмен жабдықтау желілерін, 23 шақырым жылумен жабдықтау желілерін, 3 кешен нөсер кәріздерін тазарту құрылыстарын саламыз.
Осылайша, бұған дейін айтқанымдай, біздің мақсатымыз – шет аймақтарды шағын аудандарға айналдыру. Бұл шағын аудандардың таза ауада демалуға арналған орындары, әлеуметтік нысандары, жайлы өмір сүру үшін қолайлы инфрақұрылымдар болады, – деп жазды елорда әкімі.