Алматыдағы сенбілікте 5 мың текше метр қоқыс жиналып, 9 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Dalanews 21 окт. 2023 10:51 1258

Бүгін Алматыда Республика күніне арналған жалпықалалық сенбілік өтті. Акция барысында демалыс аймақтар, саябақтар, скверлер, аулалар тазаланып, 5 мың текше метрге жуық қоқыс жиналып, 9 мыңнан астам ағаш отырғызылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экоакцияға 34 мыңнан астам қала тұрғыны қатысып, 239 техника жұмылдырылды.

Негізгі іс-шаралар "Көктөбе" тауының баурайында, ALA саябағында, Алматы индустриялық аймағы мен "Батыс" зиратының санитарлық-қорғау аймағы арасындағы учаскеде және Көкқайнар шағын ауданындағы Боралдай өзенінің жағасында өтті.

Жалпықалалық науқанға аудан әкімдіктері де атсалысып, өз аумағында жергілікті сенбіліктер өткізді. Алматы әкімдігі мен "Жасыл Алматы" жобалық кеңсесі қатысушыларға құрал-жабдықтар, көшеттер мен ауыз су ұсынып, жиналған қоқысты полигонға шығарды.

Акция аясында мәдени ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

 

Рекомендовать
Последние новости