Алматыдағы жер сілкінісі: комиссия қандай қорытынды жасады?

Сағыныш Сардарова 04 мар. 2024 15:24 3060

Сейсмикалық бақылау мен зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссиясы жер сілкінісі бойынша қорытынды жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, алдағы күндері Алматы аумағында 70 пайыз ықтималдылықпен күшті жер сілкіністері күтілмейді.

4 наурызда (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болып сезілді.

"Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды. "Сейсмикалық бақылау мен зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сілкіністері 70 пайыз болжаммен күтілмейді деген қорытындыға келді. Сейсмикалық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы бақылауды жалғастырады", - деп жазылған хабарламада.

Комиссияның келесі отырысы 6 наурызда өтеді.


Рекомендовать
Последние новости