Алматыда қауіп әлі де бар - ТЖД бастығы жер сілкінісі туралы

Сағыныш Сардарова 04 мар. 2024 12:46 3533

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісінің афтершогы қайталануына байланысты қауіп бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Төтенше жағдайлар департаментінде Алматы қаласы әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта афтершоктар қайталану қаупі сақталады. Болған жер сілкінісінің мәліметі өңделуде. Сабырлық сақтауды сұраймыз және қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар", - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 4 наурызда Алматы уақытымен 11.22-де (2024 жылғы 04 Наурызда Гринвич бойынша 06 сағат 22 мин 06 сек) жер сілкінісі тіркелді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған ТЖД мәліметінде.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 13.2. MPV магнитудасы - 6.1. Эпицентрдің координаттары 42.93° С. Е. 76.96° ш. б. Тереңдігі - 10 шақырым. Алматы қаласында 5 балл болып сезілді.


Рекомендовать
Последние новости