Алматыда референдумға 99 жастағы қала тұрғыны қатысты

Жарбол Кентұлы 06 окт. 2024 10:24 850

Тыл еңбеккері, Алматыдағы Наурызбай ауданының 99 жастағы тұрғыны Камила Қасымова Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумға жеке өзі қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Камилла Қасымова Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында орналасқан № 511 сайлау учаскесіне барды.

– Бүгін ел үшін тарихи күн. Мен аға буын өкілі ретінде референдумға қатысып, өз дауысымды беруді шештім. Бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін өте маңызды, – деді кейуана. 

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі  №388 сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты.

Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.


Рекомендовать
Последние новости