Ұйғыр ауданында ұлттық киім киген азаматтық белсенділер рефрендумға келіп, дауыс береді

Жарбол Кентұлы 06 окт. 2024 10:14 808

Ұйғыр ауданының жастары дауыс беруге шығармашылық тұрғыда қарап,  азаматтық белсенділік танытты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шонжы ауылындағы алаңға бес ұл мен бес қыз ұлттық киіммен келіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Олардың киім таңдауының өзіндік сыры бар.

Осылайша жастар Қазақстан халқының бірлігі мен алуан түрлілігін,  әрбір азаматтың ел өміріне қатысуының маңыздылығын көрсеткісі келді.

Олардың айтуынша, ұлттық киімдер еліміздің бай тарихы мен мәдениетін бейнелейді. Жастардың жалт-ұлт еткен қызылды-жасылды киімде келуі нағыз мерекелік көңіл-күйді тудырды. Айналасындағылар оларды жылы шыраймен қарсы алды.

Жастардың басты мақсаты – өзгелерді ел өміріне араласуға тартып, әрбір дауыстың маңызды екенін көрсету болды. Жарқын киім мен жақсы әсер дауыс беру үшін келгендердің барлығына ұмытылмас сәт сыйлады.

 


Рекомендовать
Последние новости