Алматыда қомақты қаржы жымқырған мектеп есепшісі ұсталды

Қаракөз Амантай 21 февр. 2024 15:14 2426

Алматының Бостандық ауданындағы мектептердің бірінде бас бухгалтер 160 млн теңгені жымқырған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол мектепте жұмыс істемейтін адамдарға және өзінің жақын туыстарына ақша аударған.

Қалалық прокуратура осыған ұқсас ұрлық фактілерін Медеу, Алмалы, Түрксіб және Алатау аудандарында анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости