Алматыда Қожамжаровтың бұрынғы орынбасарлары азаптау ісі бойынша сотталды

Көркем Алдабергенова 20 окт. 2025 18:03

 
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлері Кенжебай Жұмабеков пен Дәурен Есімбековке үкім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Істің мәні
 
Қазақпарат мәліметінше, сот оларды «Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының бірнеше рет азаптау әрекеттерін жасауы» бабымен кінәлі деп таныды.
 
Үкім
  • Кенжебай Жұмабеков – 6 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • Дәурен Есімбеков – 4 жылға сотталды.
Сонымен қатар, екеуіне де үш жыл бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Рекомендовать
Последние новости