Алматыда ағаш бұтағы құлап, бір қыз қаза тапты: әкімдік оқиғаның мән-жайын айтты

Қаракөз Амантай 14 авг. 2025 10:45

Алматы қаласының әкімдігі Алмалы ауданында күні кеше болған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала билігінің мәліметінше, ағаш апатты жағдайда болмаған.

“Көзбен шолу барысында бұтағы сынған ағаштың жасыл әрі қанағаттанарлық жағдайда екені анықталды. Ағаштың санитарлық қырқуға жататынын немесе бұтақтарының не бүтіндей ағаштың құлау қаупін тек сыртқы көрінісіне қарап болжау мүмкін емес, себебі ол жасыл және қурау белгілері жоқ”, – деп мәлімдеді әкімдік.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда бұтақ құлап, салдарынан бір адам қаза тапқан еді.

Қайғылы жағдай 13 тамыз шамамен сағат 12-де Qarasai Park тұрғын үй кешені маңында, Әди Шәріпов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәліметке сүйенсек, сынған бұтақ жас қыздың үстіне құлаған.


Рекомендовать
Последние новости