Алматыда кезекті көп мүшелі донорлық операция өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Дәрігерлік консилиум 50 жастағы әйелдің ми өлімін анықтағаннан кейін, отбасының келісімімен мамандар оның органдарын алу рәсімін жүргізді.
Қалалық кардиология орталығында алғашқы жүрек трансплантациясы жасалды. Донордың жүрегі терминалдық жүрек жеткіліксіздігі бар 34 жастағы науқасқа салынды.
Осы донорлық үдеріс аясында басқа да органдар трансплантацияланды:
-
оң бүйрек – 15 жастағы науқасқа;
-
сол бүйрек – Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында 30 жастағы әйелге;
-
екі көз мүйізгек қабаты – Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының пациенттеріне.
Дәрігерлер донор отбасының келісімі бірден бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
