Алматыда 1976 жылдан бері пайдалануда болған құбыржол ауыстырылды

Қаракөз Амантай 04 нояб. 2024 11:29 140

Осы жылы жаңғыртылған учаскенің ұзақтығы 1 097,5 метрді құрады.

Алматыда Қожанов көшесінің бойымен Радостовец көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін және Есқараев көшесінің бойымен Розыбакиев көшесінен бастап Е. Серкебаев даңғылына дейін төселген құбыржолды ауыстыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ауыстырылған құбыржол 1976 жылы пайдалануға енгізілді және қазіргі уақытта 19 көппәтерлі тұрғын үйлерді, екі балабақшаны және басқа да 39 объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр, сонымен қатар ыстық су берудің үлестірілуін қамтамасыз етеді және "Орбита" мен "Южный" қазандықтарын бір-бірімен байланыстырады.

"Жалпы, ағымдағы жылы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 20 км жылу желілері жаңғыртылды. Жыл сайын жаңғырту жылытуаралық кезең ішінде жүргізіледі, биылғы жылы мұндай жұмыстар Алматының алты ауданында іске асырылды. Жылумен жабдықтау желілері жаңғыртылған учаскелерді абаттандыру ауа райы жағдайларын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости