Алматы құтқарушылары «Алатау» базарында жер сілкінісіне дайындық шарасын өткізді

Ақтоты Жапатова 22 авг. 2025 11:24

Алматы қаласының құтқарушылары ірі сауда нысандарының бірі – «Алатау» базарында кезекті профилактикалық іс-шара ұйымдастырды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Іс-шараның негізгі мақсаты – жер сілкінісі кезінде іс-қимыл алгоритмін еске салумен қатар, халықтың қауіпсіздік саласындағы білімін тәжірибе жүзінде бекіту болды. Құтқарушылар ашық сұхбат форматында базар қызметкерлеріне эвакуациялау кезінде ғимараттан шығу тәртібін, сондай-ақ қауіпсіз аймаққа бет алған кезде назар аударуға тиіс жайттарды түсіндірді.

Сонымен қатар, мамандар «дабыл шабаданы» маңыздылығына тоқталды. Қатысушыларға оның құрамына енуі қажет негізгі құжаттар мен бірінші қажеттіліктегі заттар жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Бұл өз кезегінде төтенше жағдай туындаған сәтте азаматтардың ғимаратты жедел тастап шығуына әрі өздері мен жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.

Профилактикалық шараның практикалық пайдасы цифрлық форматта да көрініс тапты. Базар қызметкерлерінің басым бөлігі өз ұялы телефондарына «Алматы ТЖ» мобильді қосымшасын орнатып, ықтимал қауіп-қатерлер жөніндегі жедел хабарламаларды алу және азаматтық қорғау бойынша оқу-әдістемелік материалдармен танысу мүмкіндігіне ие болды.


Рекомендовать
Последние новости