Алматы облысында қыз алып қашқандар жол апатына түсіп, қалыңдық қаза тапты

Көркем Алдабергенова 26 мая 2025 17:30

Алматы облысында қалыңдықты алып қашу қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, қалыңдықты алып қашып бара жатқан көлік жол апатына ұшырады.

Қалыңдық қаза тапты.

Оқиға 24 мамыр күні сағат 18:00 шамасында ҮАААЖ автожолының 36-шақырымында болған. Kia автокөлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысып, соның салдарынан Mercedes-Benz аударылып кеткен. Салонда отырған жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды.

Жол апатынан күйеу жігіт пен оның екі танысы да жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Полиция бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Рекомендовать
Последние новости