Алматы облысында 99 га жер мемлекетке қайтарылды

Қаракөз Амантай 12 нояб. 2024 11:26 1088

Алматы облысында 99 га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті ауданы 99 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

"Бұл шешім осы учаскенің мақсатты пайдаланылмауына байланысты болды. Тексеру барысында Іле ауданы аумағында пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін оның мақсатына сәйкес пайдаланбайтыны және оның орнына пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатыны анықталды", – деп қосты ведомство.

Кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Сотқа дейінгі реттеу процесінде ЖШС пайдаланылмаған жер учаскесін мемлекеттік жер қорына өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады.


Рекомендовать
Последние новости