Алматы облысында 8 айда 25 балабақша ашылды

Dalanews 24 авг. 2022 08:18 1082

Қонаев қаласында өткен Тамыз кеңесінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев еліміздің бас ұстазына өңірдегі білім саласындағы жаңалықтарды саралап айтып берді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі біздің басты міндеттеріміздің бірі – балаларды  қорғау және қолдау» деген облыс әкімі оқу жылының басына аз қамтылған отбасылардан шыққан 27 765 баланы 1 млрд 47 млн теңгеге мектеп формасымен және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етілетінін айтты. Сонымен қатар демеушілер мен жеке кәсіпкерлер, мемлекеттік мекемелер тарапынан 17019 оқушыға 230 млн 500 мың  теңгеге көлеміндегі қаражатқа мектеп формасы, оқу құрал-жабдықтары алынған.

Бүгінгі күні педагог мәртебесі жоғары мамандыққа айналды. Мемлекет тарапынан ұстаздарды қолдау, қорғау шараларының бірі – төрт жыл ішінде педагогтар жалақысын 100%-ға көтеру белгіленген, келер жылдың  қаңтар айында педагогтар жалақысы тағы да 25%-ға жоғарлайды.


Алматы облысы әкімінің айтуынша, қазіргі кезде облыстағы жалпы орта білім беретін мектептерге 467 мұғалімге қажеттілік бар.

Кеңес барысында, Марат Елеусізұлы облыс тұрғындарының балабақшаға деген қажеттілігін қанағаттандыруда жекеменшік балабақшалар желісі аймақта қарқынды дамып келе жатқанан тілге тиек етті Оның айқын дәлелі ретінде 2022 жылдың 8 айының Алматы облысында 25 жекеменшік балабақша ашылғанын айтуға болады.

Рекомендовать
Последние новости