Алматы әуежайының екі қызметкері жолаушы заттарын ұрлаған

Dalanews 07 февр. 2017 02:48 910

Алматы әуежайында жолаушылардың сөмкесінен ұялы телефон мен зергерлік бұйымдар ұрлаған екі жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Baq.kz.

28 қаңтар күні Алматы әуежайындағы ішкі істер желілік бөліміне қала тұрғыны хабарласып, 25 желтоқсанда «Ақтөбе – Алматы – Киев» бағытындағы әуе рейсімен ұшу кезінде өзінің қол жүгінен су жаңа ұялы телефон мен зергерлік бұйымдар – сырғалардың ұрланғанын айтқан.

Жәбірленуші жеке заттарының қолды болғанын Киев әуежайына қонғанда бір-ақ білген.

Көлік полицейлері осы дерек бойынша жедел-іздестіру шаралары барысында «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-да қабылдап-тапсырушы қызметінде жұмыс істейтін екі жас жігітті анықтап, ұстады. Олар жұмыс орнында алдын ала өзара келісе отырып, ұрлық жасаған.

Ұрланған заттар тәркіленіп алынды.

Күдіктілер Алматы қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оларға қатысты ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімі 1-тармағы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Рекомендовать
Последние новости