Алматы әкімдігі қай жерде митингіге тыйым салынатынын ескертті

Қаракөз Амантай 11 июл. 2024 15:33 5582

Алматы әкімдігі неліктен Уәлиханов атындағы саябақта бейбіт митингілерге тыйым салғысы келетінін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Саябақта митинг болған кезде Абай және Достық даңғылдары кептеліс болады. Бұл жақын маңда тұратын тұрғындарға да, көлік жүргізушілеріне де қиындық туғызады. Әкімдік сол себепті осы саябақтарда митинг өткізуге тыйым салғысы келетінін хабарлады.

“Митинг кезінде Шевченко көшесінің бойында Достықтан Қонаевқа дейін көлік қозғалысы шектеледі. Жүргізушілер Достық даңғылының бойымен оңтүстік жағындағы Абайға дейін және солтүстіктегі Бөгенбай батырға дейінгі аумақты айналып өтеді. Солай басқа бағыттағы көлік жүргізушілеріне қиындық туғызады”, — деді әкімдік хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости