Әкім орынбасары Талғар селден қорғау бөгетінің жағдайын тексерді

Жарбол Кентұлы 21 нояб. 2024 19:25 160

Бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Н.К. Құдайбергенов ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалының Іле Алатау аумақтық пайдалану техникалық басқармасының 2024 жылғы 15 қарашадағы №25-17-03/719 хатына сәйкес Талғар ауданының Талғар селден қорғау бөгетінің жай-күйін көзбен шолып тексеруге шықты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Комиссия құрамына ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Е. А. Садырбаев, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысының орынбасары М. К. Қасенов, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ АТЭТУ бастығы Д. Т. Жолдасбеков, Талғар ауданы ТЖБ бастығы Д. Б. Қозыбақов, Алматы облысы ТЖД бас маманы Р. М. Ахметжанов., «КазГидро» ЖШС директорының орынбасары Дүйсеков Қ.Е. Талғар селден қорғау бөгетінің су шығару тоннелінің жай-күйіне көзбен шолып тексеру жүргізді.

​Көзбен шолып тексеру нәтижесінде құрылыс ағымды жөндеуді және сел қоймасының шөгінділерден жобалық белгілерге дейінгі тазалауды қажет ететіндігі анықталды.

​Селе қауіпті кезең басталғанға дейін ағымдағы жөндеу - қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.


Рекомендовать
Последние новости