Әділетті Қазақстан қалай құрылып жатыр? - Тоқаев жауап берді

Қаракөз Амантай 02 сент. 2024 11:31 1865

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстанның қалай құрылып жатқаны туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тоқаевтың айтуынша, соңғы 5 жылда ауқымды реформаларға байланысты елдегі саяси жүйе өзгерді.

"Бүгінде жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр", - деп түйіндеді Тоқаев.

Айта кетейік,бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

Бүгінгі жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

 

Рекомендовать
Последние новости