Әблязовқа қатысы бар компания жерінен айрылды

Сағыныш Сардарова 19 апр. 2024 10:41 3366

Жамбыл облысында бұрын Мұхтар Әблязовке қатысты компанияға заңсыз берілген жер телімдері қайтарылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Тараз қалалық сотының 13.07.2018 жылғы "Ноғайбай-Kazexim" ЖШС-нің жеке сот орындаушыларының (ТЖК) электрон аукцион қорытындылары туралы хаттамаларды заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы шағымын қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі шешіміне прокурордың апелляциялық өтінішін қарады", - деп жазылған ФБРК мәліметінде. 

Арна мәліметінше, 2006 жылы несие алу үшін "Қазэксим" ЖШС 14000 гектардан асатын 16 жер учаскесін БТА банкіне заңсыз кепілге берген. Алайда жерді пайдаланушылар несие шарты мен жер учаскелері кепілге берілгенін 2010 жылы қыркүйекте ғана білген.

Сондай-ақ, сотта 2010 және 2017 жылдары "Қазэксим" бас директоры Мұхтар Әблязов пен басқа да адамдар сотталғаны айтылды. Олардан банк пайдасына материалдық залал өндірілген.

"2011 жылы борыш қайтарылмауына байланысты Жамбыл облысының прокуроры "БТА Банкі" АҚ мүддесі үшін сотқа талап арызбен жүгінген. Соттың 2011 жылғы шешімімен "Қазэксим" ЖШС-нен банк пайдасына жауапкерлердің мүлкінен өндіріп алу жолымен 3 миллиард теңгеден аса қарыз өндірілген", - деп хабарлады сотта.

2016 жылы қыркүйекте жеке сот орындаушылар "Қазэксим" кепілге қойған мүлікті өндіріп алды, ал 2018 жылы аукциондық сауда-саттық нәтижелері бойынша компанияның 5 жер учаскесі сатылды.

"Сот алқасы 2018 жылғы сот шешімінің заңсыз болғаны туралы қорытындыға келді, өйткені жер учаскелері "Қазэксим" ЖШС-не заңсыз берілгенін анықтады, осыған байланысты Қордай ауданының тұрғындарына қайтарылады. Осылайша, сот жер пайдаланушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғады", - деп жазылған мәліметте.


Рекомендовать
Последние новости